Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 05 сәуірдегі № 77 Қаулысы
Осы редакция 2021 жылғы 24 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139 бабының 9 тармағына сәйкес, Ойыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ойыл ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Қазыбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімінің міндетін атқарушы | Ш. Тлеумағанбетов |
| Ойыл аудандық мәслихатының хатшысы | Б. Бисекенов |
Ойыл ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 5 сәуір
№ 77 қаулысына қосымша
Ойыл ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының
ТІЗБЕСІ
| № | Лауазым атаулары |
| Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары | |
| 1. | Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман |
| Білім беру мамандарының лауазымдары | |
| 1. | Білім беру мекемелерінің барлық мамандықтарының оқытушылары |
| 2. | Жалпы білім беру мектебінің директоры |
| 3. | Мектепке дейінгі ұйым меңгерушісі |
| 4. | Дене тәрбиесі басшысы |
| 5. | Алғашқы әскери дайындық басшысы, оқытушысы |