«Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі үлгілік қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 22 ақпандағы № 16 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 30 қарашадағы № 480-НҚ бұйрығы
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 127-НҚ бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі үлгілік қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 22 ақпандағы № 16 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15101 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы»;
бұйрықтың 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі қағидалар бекітілсін»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі үлгілік қағидалар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.