(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР САЛАСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ ...

Мәдениет және өнер саласындағы білім беру ұйымдары қызметінің қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 77 бұйрығы

 

Осы редакция 2018 жылғы 31 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 23-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Бекітілсін:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес, мәдениет және өнер саласындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің Қағидалары;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес, мәдениет және өнер саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметінің Қағидалары;

3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес, мәдениет және өнер саласындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп - интернаттарындағы білім беру қызметінің Қағидалары.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, білім, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Д.Болатханұлына):

1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде белгіленген тәртіп бойынша осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуін өткізсін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, он күнтізбелік күн аралығында ресми баспа беттерінде және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жариялансын;

3) ресми баспада жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігінің интернет - ресурсына қойылсын;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейінгі он жұмыс күні аралығында Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігінің Заң департаментіне осы 2-ші бұйрықтың 1), 2), 3) тармақшаларының орындалуы қадағалансын;

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Ғ. Ахмедьяровқа жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.