Ауыл шаруашылығы кооперативінің үлгілік жарғысын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 1-2/1117 бұйрығы
«Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған ауыл шаруашылығы кооперативінің үлгілік жарғысы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ 2016 жылғы 1 қаңтардан ерте қолданысқа енгізілмейді.
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А.Мамытбеков |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов
2015 жылғы 28 желтоқсан
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев
2015 жылғы 29 желтоқсан
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1-2/1117 бұйрығымен
бекітілген
Ауыл шаруашылығы кооперативінің
үлгілік жарғысы
1. Жалпы ережелер
1. Ауыл шаруашылығы кооперативінің (бұдан әрі - кооператив)
фирмалық атауы және ұйымдастыру-құқықтық нысаны:
мемлекеттік тілде:________________________________ _______________________________;
орыс тілінде:_____________________________________ _______________________________.