Балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру қағидаларын және инвесторға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 21 тамыздағы № 283 бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 28 тамыздағы № 266 бұйрығымен күші жойылды
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 65-2) тармақшасына және 40-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес инвесторға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.