Мемлекеттік кірістер органдарында ұтқыр топтарды құру, олардың қызметі, жарақтандырылуы, оның ішінде көлік құралдарымен жарақтандыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 10 қазандағы № 592 бұйрығы
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 2-бабы 2-тармағының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кірістер органдарында ұтқыр топтарды құру, олардың қызметі, жарақтандырылуы, оның ішінде көлік құралдарымен жарақтандыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.