ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы
(2024.15.03. берілген өзгерістермен)
Осы Жарлыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Президентінің 2026 жылғы 2 мамырдағы № 1258 Жарлығын қараңыз (2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыртқы барлау қызметі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Құпия.
4. Өте құпия.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 18 қыркүйек
№ 163
ҚР Президентінің 2022.17.05. № 893 Жарлығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 163 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыртқы барлау қызметі туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер