Қазақстан Республикасының көмірсутектерді сатып алуға арналған басым құқығын іске асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 388 Қаулысы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 121-бабының 13-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының көмірсутектерді сатып алуға арналған басым құқығын іске асыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 28 маусымдағы
№ 388 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының көмірсутектерді сатып алуға арналған басым құқығын іске асыру
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының көмірсутектерді сатып алуға арналған басым құқығын іске асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 121-бабының 13-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттің көмірсутектерді сатып алуға арналған басым құқығын іске асыру тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттің басым құқығын іске асыру тәртібімен көмірсутектерді сатып алуды құзыретті орган жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі көмірсутектерді сатып алу жөніндегі құзыретті орган болып табылады.
3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
2-тарау. Мемлекеттің көмірсутектерді сатып алуға арналған басым құқығын іске асыру тәртібі
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.