«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 466 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 15 мамырдағы № 380 Қаулысы (күші жойылды)

 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 466 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 15 мамырдағы № 380 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 473 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 466 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 206-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесінде:

3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) орталық депозитарий - «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 45-бабының 2-1-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыратын мамандандырылған коммерциялық емес акционерлік қоғам. Орталық депозитарий эмитентпен жасасқан шартқа сәйкес төлем агентінің функцияларын және қазынашылық міндеттемелерді есепке алу және оларға қызмет көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асырады;»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Әрбір шығарылымның орталық депозитарий Заңға сәйкес беретін халықаралық сәйкестендiру нөмiрi (ISIN) болады.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.