«Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 583 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 770 бұйрығы

 «Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 583 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 770 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 583 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13911 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларында:

3-тармақ мынадай мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Формулярды ресімдеуді және толтыруды құжатталушы адам жеке басын сәйкестендіру және жеке қолын қою үшін жеке жүгінген кезде көші-қон қызметі бөлінісінің уәкілетті қызметкері (бұдан әрі – уәкілетті қызметкер) жүзеге асырады.

Ресімделген кезде жеке басты куәландыратын құжаттарды құжаттандырылатын адам түпнұсқада не цифрлық құжаттар сервисі арқылы ұсынады.»;

4-тармақтың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, 1974 жылғы үлгідегі бұрынғы КСРО паспортын ауыстыруына және оларды жоғалтуы бойынша өтініш білдірген адамдарға, сондай-ақ туу туралы куәліктің негізінде жеке басын куәландыратын құжаттарды алғаш рет алуға уақтылы өтініш бергендерге;»;

26-тармақтың жетінші абзацы алып тасталсын;

2-қосымшада:

Қазақстан Республикасының облыстары, аудандары кодтарының анықтамалығы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.