Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 27 бұйрығы
(2018.14.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2019 жылғы 10 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 1-тармағының 74) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі |
Т. Дуйсенова |
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.14.12. № ҚР ДСМ-41 бұйрығымен біліктілік талаптары жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 23 қаңтардағы
№ 27 бұйрығымен
бекітілген
Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын
біліктілік талаптары
| р/с № | Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды: | Біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер | Ескертпе |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| Медициналық қызмет үшін | |||