«Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимін, шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін салықтық есепке алу саясатының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 86 бұйрығы (күші жойылды)

Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимін, шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін салықтық есепке алу саясатының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 86 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 97 бұйрығымен күші жойылды

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 56-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимін, шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін салықтық есепке алу саясатының нысанын бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин):

1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықты орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2015 жылғы 12 ақпандағы

№ 86 бұйрығымен

бекітілген

 

Нысан

 

 

Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық
режимін, шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы
салық режимін қолданылатын салық төлеушілер үшін салықтық
есепке алу саясаты

 

_________________________________________________________________________________________________________________________

(Салық төлеушінің Т.А.Ә. (бар болған кезде))

1. Жеке немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН)

_________________________________________________________________________________________________________________________

2. Жүзеге асыратын қызметтің түрі

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.