«Пайдалы қазбалардың, оның ішінде дәстүрлі емес көмірсутектерге жатқызылатын кен орындарының қорлары мен болжамды ресурстарын сыныптау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 208 бұйрығы

Пайдалы қазбалардың, оның ішінде дәстүрлі емес көмірсутектерге жатқызылатын кен орындарының қорлары мен болжамды ресурстарын сыныптау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 208 бұйрығы

 

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 64-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Пайдалы қазбалардың, оның ішінде дәстүрлі емес көмірсутектерге жатқызылатын кен орындарының қорлары мен болжамды ресурстарын сыныптау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2. «Кен орындарының қорлары мен болжамды ресурстарды сыныптау әдістемесін, пайдалы қазбалардың, оның ішінде дәстүрлі емес көмірсутектерге жатқызылатын қорларын есептеу жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 2 ақпандағы № 71 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 31839 болып тіркелген) 1-тармағының 1) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Өнеркәсіп және құрылыс министрі

 

Е. Нагаспаев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Су ресурсы және

ирригация министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрлігі

Қазақстан Республикасының

Өнеркәсіп және құрылыс министрінің

2026 жылғы 28 сәуірдегі

№ 208 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.