Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің перспективалы сорттарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 30 шілдедегі № 434 бұйрығы
(2015.13.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 жылғы 19 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2011.31.03. № 06-2/153 бұйрығымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 21) тармақшасын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімі;
2) Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің перспективалы сорттарының тізбесі бекітілсін.
2. Егіншілік және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.