«Автомобиль көлігі құралдарының салмағын өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 1 маусымдағы № 402 бұйрығы

Автомобиль көлігі құралдарының салмағын өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 1 маусымдағы № 402 бұйрығы

 

«Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 13-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Автомобиль көлігі құралдарының салмағын өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Индустрия және инфрақұрылымдық

 даму министрі

 

 

М. Карабаев

 

Қазақстан Республикасының

Индустрия және

инфрақұрылымдық

даму министрінің

2023 жылғы 1 маусымдағы

№ 402 бұйрыққа

қосымша

 

 

Автомобиль көлігі құралдарының салмағын өлшеу

станцияларының жұмысын ұйымдастыру

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Автомобиль көлігі құралдарының салмағын өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 13-2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.