«Жаһандық және өңірлік ауқымдардағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 486 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 қаңтардағы № 8 Қаулысы

«Жаһандық және өңірлік ауқымдардағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 486 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 қаңтардағы № 8 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жаһандық және өңірлік ауқымдардағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 486 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулыға 2-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

А. Мамин

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2021 жылғы 14 қаңтардағы

№ 8 қаулысына

1-қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2017 жылғы 16 тамыздағы

№ 486 қаулысына

1-қосымша

 

 

Жаһандық ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі

іс-қимыл жоспары

 

Р/с №

Іс-шаралар

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Аяқтау нысаныЖүктеу

 

1

2

3

4

5

1.

Төтенше жағдай аймағында бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру*

ТЖМ, ІІМ, ЖАО

С + 0.30

адамдарды, жануарларды және мүлікті құтқару, эвакуациялау

2.

Президент Әкімшілігін, Премьер-Министрдің Кеңсесін, Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесін және Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарын төтенше жағдайдың туындау фактісі туралы хабардар ету*

ТЖМ

С + 0.30

ақпарат

3.

Халықты қалыптасқан жағдай туралы құлақтандыруды және хабардар етуді ұйымдастыру*

ЖАО, ТЖМ, АҚДМ, ЦДИАӨМ

С + 1.00

ақпаратты халыққа жеткізу

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.