«Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 515 бұйрығы

Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 515 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:

1) осы бұйрықтарды мемлекеттiк тiркеуді;

2) осы бұйрықтарды Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 2, 3, 4-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Цифрлық даму, инновациялар

және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрі

2025 жылғы 19 қыркүйектегі

№ 515 бұйрығымен бекітілген

 

 

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

 

1. «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы электрондық және қағаз жеткізгіштегі акт жазбаларының, куәліктер мен анықтамалардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 9 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10173 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа 3-қосымша осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрыққа 11-қосымша осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрыққа 23-қосымша осы тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрыққа 31-қосымша осы тізбеге 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2-тармақ 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.