Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 25 қарашадағы
№ ҚР ДСМ-203/2020 бұйрыққа
3-қосымша
Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну фактісін және масаң күйде
екенін анықтау үшін медициналық куәландырудан өткізу
қағидалары
(2026.07.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024.11.12. № 104 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 30 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну фактісін және масаң күйде болу жағдайын анықтау үшін медициналық куәландыруды жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 7-бабына сәйкес әзірленді және психикаға белсенді әсер ететін затты (бұдан әрі - ПБЗ) тұтыну фактісін және масаң күйде болу жағдайын анықтау үшін медициналық куәландыруды жүргізу тәртібін анықтайды.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022.26.01. № ҚР ДСМ-6 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024.11.12. № 104 бұйрығымен (2024 ж. 30 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2026.13.02. № 13 бұйрығымен (2026 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады