Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 тамыздағы № 513 Қаулысы
(2019.26.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 9 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2018.24.12. № 873 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 94-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2018.24.12. № 873 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.