Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесін бекіту туралы
(2023.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2023 жылғы 19 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 2-тармағына сәйкес қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2016 жылғы шілденің 4-і.
№ 295
ҚР Президентінің 2016.31.10. № 366 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2016.04.11. № 369 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2017.14.03. № 446 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2018.04.08. № 723 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2019.22.07. № 75 Жарлығымен (бұр.ред.қара) 2019.22.07. № 76 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2021.18.01. № 495 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2022.14.06. № 927 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2022.26.11. № 5 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2023.02.01. № 78 Жарлығымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы Президентінің
2016 жылғы 4 шілдедегі
№295 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың
тізбесі
| Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдары | Бағалауды жүргізетін уәкілетті адам |
| Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы, Төрағаның орынбасары, хатшысы мен мүшелері | жұмысы бағаланбайды |
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Қазақстан Республикасының Президенті |
| Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі | Қазақстан Республикасының Президенті |
| Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы | Қазақстан Республикасының Президенті |