«Процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 7-1/179 бұйрығы (2026.12.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 7-1/179 бұйрығы

(2026.12.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2023.16.06. № 234 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 38-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті:

1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2) ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2026.22.06. № 249 бұйрығымен алып тасталды (2026 ж. 10 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министрдің

міндетін атқарушы

 

С. Омаров

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы

министрінің міндетін атқарушының

2015 жылғы 27 ақпандағы

№ 7-1/179 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Процессингтік орталықтың жұмыс істеу

қағидалары

 

 

1. Жалпы ережелер

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2023.16.06. № 234 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Осы Процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-бабының 38) тармақшасына сәйкес әзірленді және процессингтік орталықтың жұмыс істеу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.