«Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 10 қыркүйектегі № 1456 Жарлығы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ұлттық қауіпсіздікті одан әрі нығайту және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 29 тамыздағы №1416 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты (бұдан әрі - Аппарат) туралы ереже;

2) Аппарат құрылымы;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасының Үкіметімен және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2026 жылғы 10 қыркүйекте

 

№ 1456

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2026 жылғы 10 қыркүйектегі

№1456 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты туралы
ЕРЕЖЕ

 

Осы Ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының мәртебесін, міндеттері мен функцияларын, өкілеттіктерін, жұмысын ұйымдастыруды айқындайды.

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты (бұдан әрі - Аппарат) - Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.