«Аудиторлық кәсіби ұйымды, бухгалтерлердiң кәсiби ұйымын, бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәліктердің нысандарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 1341 бұйрығы

Аудиторлық кәсіби ұйымды, бухгалтерлердiң кәсiби ұйымын, бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәліктердің нысандарын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 1341 бұйрығы

 

«Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағына және «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы күәліктің нысаны;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәліктің нысаны;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бухгалтерлерді кәсіби сертификаттауға арналған ұйымның аккредиттеу туралы куәлігінің нысаны.

2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп әдістемесі, аудит және бағалау бөлімі:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы

Цифрлық даму, инновациялар

және аэроғарыш өнеркәсібі

министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2021 жылғы 28 желтоқсандағы

№ 1341 бұйрығына

1-қосымша

 

Нысан

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.