«Жер-кадастрлық құжаттамалардың құрылымын, құрамын және мазмұнын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 68 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2026 жылғы 19 мамырдағы № 195 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

«Жер-кадастрлық құжаттамалардың құрылымын, құрамын және мазмұнын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 68 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2026 жылғы 19 мамырдағы № 195 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жер-кадастрлық құжаттамалардың құрылымын, құрамын және мазмұнын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 68 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9951 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Жер-кадастрлық құжаттамалардың құрылымын, құрамын, мазмұнын және нысандарын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Жер-кадастрлық құжаттамалардың құрылымы, құрамы, мазмұны және нысандары бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер-кадастрлық құжаттаманың құрылымы, құрамы және мазмұнында:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Жер-кадастрлық құжаттамалардың құрылымы, құрамы, мазмұны және нысандары»;

2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) жер учаскесінің меншік иесінің немесе жер пайдаланушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе төлқұжаты туралы мәліметтерді, сондай-ақ заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаларды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) жұмыскері уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжат нысанында тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.