Жерасты суларын алу жобасын және жерасты суларын мониторингтеу бағдарламасын әзірлеу және келісу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 30 маусымдағы № 158-НҚ бұйрығы
(2025.26.07. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 45-бабы 5-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жерасты суларын алу жобасын және жерасты суларын мониторингтеу бағдарламасын әзірлеу және келісу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Жерасты сулары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің 2025.22.07. № 176-НҚ бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 26 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.