Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 33 «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй - жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 5 ақпандағы № 29 Қаулысы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 8 мамырдағы № 99 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Заңына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 33 «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй - жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2653 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 сәуірде «Маңғыстау» газетінде жарияланған) келесідей өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: