Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 8 мамырдағы № 99 Қаулысы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Маңғыстау облысының әкімі | Н. Қилыбай |
2025 жылғы 8 мамырдағы
№ 99 қаулысына қосымша
Маңғыстау облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының
тізбесі
1. «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй - жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 33 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2653 болып тіркелген).
2. «Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 33 «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй - жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 257 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2830 болып тіркелген).
3. «Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 33 «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй - жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 44 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2984 болып тіркелген).