«Толық бітіріп берілетін» құрылыс жобаларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 15 мамырдағы № 235 бұйрығы

 «Толық бітіріп берілетін» құрылыс жобаларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 15 мамырдағы № 235 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 24-бабының 34) тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған «Толық бітіріп берілетін» құрылыс жобаларын іске асыру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Өнеркәсіп және құрылыс министрі

 

Е. Нагаспаев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

 

Қазақстан Республикасының

Өнеркәсіп және

құрылыс министрінің

2026 жылғы 15 мамырдағы

№ 235 бұйрығымен

бекітілген

 

 

«Толық бітіріп берілетін» құрылыс жобаларын іске асыру

 қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Толық бітіріп берілетін» құрылыс жобаларын іске асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 24-бабының 34) тармақшасына сәйкес әзірленді және «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобаларын іске асыру тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) жобалау құжаттамасы - жобалау барысында жасалатын мәтіндік және графикалық құжаттар жиынтығы, ол мыналарды қамтиды:

абаттандыру және көгалдандыру жобалары. Абаттандыру және көгалдандыру жобалары құрылыс жобасының құрамында болуы мүмкін;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.