«Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 1024 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 558 бұйрығы

«Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 1024 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 558 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 1024 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12511 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.