«Әлеуметтік және экономикалық жобаларды іріктеу және өлшемшарттарын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 165 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 17 қыркүйектегі № 90 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әлеуметтік және экономикалық жобаларды іріктеу және өлшемшарттарын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 165 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33441 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік және экономикалық жобаларды іріктеу және өлшемшарттарын айқындау қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жобаларды айқындау өлшемшарттары:
1) жобалардың мемлекеттік органдардың немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму және (немесе) іс-шаралар жоспарларын, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдарын дамытудың ұзақ мерзімді стратегияларын қоса алғанда, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігі;
2) жобалардың Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес бюджеттік инвестициялық саясаттың басым бағыттарының біріне сәйкестігі (экономиканы әртараптандыру және инфрақұрылымдық-инновациялық даму, әлеуметтік саланы жаңғырту);