«Абай облысының әкімдігінің 2023 жылғы 17 ақпандағы № 39 «Абай облысының су қорғау аймақтары мен су объектілері белдеулерін белгілеу және оларды шаруашылықта пайдалану режимі туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Абай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 24 қаңтардағы № 14 Қаулысы (күші жойылды)

Абай облысының әкімдігінің 2023 жылғы 17 ақпандағы № 39 «Абай облысының су қорғау аймақтары мен су объектілері белдеулерін белгілеу және оларды шаруашылықта пайдалану режимі туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Абай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 24 қаңтардағы № 14 Қаулысы

 

Абай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 6 қазандағы № 172 Қаулысымен күші жойылды

 

Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Абай облысының әкімдігінің «Абай облысының су қорғау аймақтары мен су объектілері белдеулерін белгілеу және оларды шаруашылықта пайдалану режимі туралы» 2023 жылғы 17 ақпандағы № 39 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28-18 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының 1- қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес, жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Абай облысы әкімі

Н. Уранхаев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

«Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігінің

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау

комитетінің Абай облысы бойынша

санитариялық-эпидемиологиялық бақылау

департаменті» РММ-нің басшысының м.а.

А. Тоқтабаева

2024 жылғы «_____» _____________

 

«Қазақстан Республикасы

Су ресурстары және ирригация

министрлігі Су ресурстары комитетінің

Су ресурстарын пайдалануды реттеу

және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл

бассейндік инспекциясы» РММ-нің басшысы

С. Мейрамбеков

2024 жылғы «_____» _____________

 

«Қазақстан Республикасы

Су ресурстары және ирригация

министрлігі Су ресурстарын реттеу,

қорғау және пайдалану комитетінің

Су ресурстарын реттеу қорғау және

пайдалану жөніндегі Ертіс бассейндік

инспекциясы» РММ-нің басшысының м.а.

Е. Мадиев

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.