Аршалы ауданы әкімінің 2021 жылғы 02 шілдедегі № 14 «Аршалы ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімінің 2024 жылғы 29 наурыздағы № 4 шешімі
Аршалы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аршалы ауданы әкімінің «Аршалы ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» 2021 жылғы 02 шілдедегі № 14 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23254 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушысына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аршалы ауданының әкімі | М.Балпан |
«КЕЛІСІЛДІ»
Аршалы аудандық
аумақтық сайлау
комиссиясы
2024 жылғы 29 наурыздағы
№ 4 шешіміне
қосымша
Аршалы ауданы әкімінің
2021 жылғы 02 шілдедегі
№ 14 шешіміне
қосымша
Аршалы ауданының сайлау учаскелері