«Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 18 қазандағы № 536 бұйрығы (2024.01.09. берілген өзгерістермен)

Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 18 қазандағы № 536 бұйрығы

(2024.01.09. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 110) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландырудың нормалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр

С. Нұрбек

 

Қазақстан Республикасы

Ғылым және жоғары білім Министрінің

2023 жылғы 18 қазандағы

№ 536 бұйрығына қосымша

 

 

Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру

нормалары

 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2024.29.07. № 375 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.