«Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 22 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2026 жылғы 19 тамыздағы № 148 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 22 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19941 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-бабының 4-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
аталған бұйрықпен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 4-1-тармағына сәйкес әзірленді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган), оның аумақтық бөлімшелері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілері жүргізеді.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: