«Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023 жылғы 16 тамыздағы № 303 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2023 жылғы 21 тамыздағы № 602 бірлескен бұйрығы
Осы редакция 2024 жылғы 1 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 4-8) тармақшасына және «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабы 4-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану қағидалары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы және әділет вице-министрлеріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Әділет
министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 21 тамыздағы № 602 мен
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің міндетін
атқарушы 2023 жылғы 16 тамыздағы
№ 303 бірлескен бұйрығымен
бекітілген
«Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры»
ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану
қағидалары
I. Жалпы ережелер