«Инвестициялық тарифті қалыптастыру және ұсыну мерзімдерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 12 тамыздағы № 606 Қаулысы

Инвестициялық тарифті қалыптастыру және ұсыну мерзімдерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 12 тамыздағы № 606 Қаулысы

 

«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 1-6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Инвестициялық тарифті қалыптастыру және ұсыну мерзімдерін белгілеу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2025 жылғы 12 тамыздағы

№ 606 қаулысымен

бекітілген

 

 

Инвестициялық тарифті қалыптастыру және ұсыну мерзімдерін белгілеу
қағидалары


1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Инвестициялық тарифті қалыптастыру және ұсыну мерзімдерін белгілеу қағидалары «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 4-бабының 1-6) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр энергиясына инвестициялық тарифті қалыптастыру және оны электр энергиясын көтерме тұтынушыларға ұсыну мерзімдерін белгілеу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) инвестициялық тариф - іске асырылуы 2023 жылғы 1 шілдеге дейін басталған инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық міндеттемелерді жабу үшін электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алуға Заңда көзделген тәртіппен айқындалған сағаттық тариф;

2) электр энергиясының көтерме сауда нарығы - электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің арасындағы электр энергиясын сатып алу-сату шарттары негізінде жұмыс істейтін, электр энергиясының жоспарлы көлемдерін сатып алу-сатуға байланысты қатынастар жүйесі;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.