«Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамының қызмет түрлерін жүзеге асыруы қағидаларын, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) активтер мен талап ету құқықтарына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 9 шілдедегі № 601 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 132-бабының 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамының қызмет түрлерін жүзеге асыруы қағидалары;
2) «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамы сатып алатын (сатып алған) активтер мен талап ету құқықтарына қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы 9 шілдедегі
№ 601 қаулысымен
бекітілген
«Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамының қызмет түрлерін жүзеге асыруы
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамының қызмет түрлерін жүзеге асыруы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 132-бабының 1-тармағының екінші бөлігін іске асыру үшін әзірленген және «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қор) Заңның 132-бабының 1-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруының тәртібін айқындайды.
2. Қор қызметін Заңда және осы Қағидаларда белгіленген өкілеттіктер шегінде мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) жарғылық капиталды қалыптастыру үшін акциялар, сондай-ақ өз қызметін қаржыландыру үшін облигациялар шығару;
2) өзінің орналастырылған акциялары мен облигацияларын сатып алу;