«Қазақстан Республикасы Экология, геология, және табиғи ресурстар министрлігінің Апелляциялық комиссиясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 137-ө бұйрығы

Қазақстан Республикасы Экология, геология, және табиғи ресурстар министрлігінің Апелляциялық комиссиясын құру туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 137-ө бұйрығы

 

Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400 Экология кодексінің 179-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережеге сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің тексеру нәтижелері туралы актіге шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссиясы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.

2. Апелляциялық комиссия туралы ереже осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасының

Экология, геология және

табиғи ресурстар министрінің

2022 жылғы 28 сәуірдегі

№ 137-ө бұйрығына

1-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің тексеру нәтижелері туралы актіге шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссиясының

 құрамы

 

Комиссия төрағасы

Хайруллин Мұратқали Кәрімұлы, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Заң қызметі департаментінің директоры;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.