Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау бекеттерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 697 Қаулысы
(2017.25.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 20 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау бекеттерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.