«Салықтық жеңілдіктерді қолданудың тиімділігін талдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 11 наурыздағы № 131 Қаулысы

Салықтық жеңілдіктерді қолданудың тиімділігін талдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 11 наурыздағы № 131 Қаулысы

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 11-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Салықтық жеңілдіктерді қолданудың тиімділігін талдауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2021 жылғы 11 наурыздағы

 № 131  қаулысымен

бекітілген

 

 

Салықтық жеңілдіктерді қолданудың тиімділігін талдауды жүзеге асыру

 қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Салықтық жеңілдіктерді қолданудың тиімділігін талдауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Салық кодексі) 11-бабына сәйкес әзірленді және салықтық жеңілдіктерді қолданудың тиімділігін талдауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) салықтық жеңілдіктер - салық ауыртпалығын төмендету мақсатында салық төлеушілерге мөлшерлемені төмендету, бір немесе бірнеше салықты төлеуден толық босату, салық салынатын базадан шегерімдер, түзетулер түрінде салық заңнамасының нормаларына сәйкес берілген артықшылықтар;

2) салық шығыстары - Салық кодексінің нормаларына сәйкес салық төлеушілерді қолдау және дамыту мақсатында оларға берілген жеңілдіктерге негізделген республикалық және жергілікті бюджеттердің алынбаған (жіберіп алынған) кірістерінің көлемі;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.