«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» Оңтүстiк Қазақстан облысы Кентау қаласы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 351 Қаулысы (күші жойылды)

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы
Оңтүстiк Қазақстан облысы Кентау қаласы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 351 Қаулысы

 

Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 2024 жылғы 13 қыркүйектегі № 339 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Кентау қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулыға 1, 2, 3, 4, 5, 6 - қосымшаларға сәйкес анықталсын.

2. Кентау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 201 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3839 тіркелген, 2016 жылғы 27 тамызда «Кентау шұғыласы» газетінде және 2016 жылғы 29 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. «Кентау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.