Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы № 16 Қаулысы
(2026.05.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2025.15.05. № 342 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 30 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 62-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-4-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.