«Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру қағидаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2023 жылғы 10 тамыздағы № 221 бұйрығы (2025.06.04. берілген өзгерістермен)

Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру қағидаларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2023 жылғы 10 тамыздағы № 221 бұйрығы

(2025.06.04. берілген өзгерістермен)

 

«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру қағидалары белгіленсін.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен cоң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт

Министрінің міндетін атқарушы

2023 жылғы 10 тамыздағы

№ 221 бұйрығына

қосымша

 

 

Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру

қағидалары

 

1 - тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру қағидалары (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 1-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру тәртібін айқындайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.