(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРЫНДЫ, АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДЫ, ЖАУАП...

Мемлекеттік кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жауапкершілігі шектеулі серіктестікті арнайы құқық субъектісі ретінде айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № 453 Қаулысы

 

Осы редакция 2023 жылғы 3 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 193-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жауапкершілігі шектеулі серіктестікті арнайы құқық субъектісі ретінде айқындау қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2022 жылғы 30 маусымдағы

№ 453 қаулысымен

бекітілген

 

 

Мемлекеттік кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жауапкершілігі шектеулі

серіктестікті арнайы құқық субъектісі ретінде айқындау

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Мемлекеттік кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жауапкершілігі шектеулі серіктестікті арнайы құқық субъектісі ретінде айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 193-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жауапкершілігі шектеулі серіктестікті арнайы құқық субъектісі ретінде айқындау тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) арнайы құқық – бәсекелес нарықта қандай да бір тауарды өндіруге, өткізуге және (немесе) сатып алуға нарық субъектісінің заңда бекітілетін айрықша немесе артықшылықты құқығы;

2) кандидат – арнайы құқық субъектісін айқындау жөніндегі конкурсқа қатысатын акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

3) конкурстық комиссия (бұдан әрі – комиссия) – конкурсқа қатысушылар берген құжаттарды қарайтын және арнайы құқық субъектісін айқындау үшін кандидаттарды іріктеуді жүзеге асыратын алқалы орган;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.