«2015 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 158-2200 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 158-1209 Қаулысы
Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 158-2402 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабының 1-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге мемлекеттік кепілдік беру жүйесін кеңейту мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2015 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 158-2200 қаулысына (Нормативтiк-құқықтық актілерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде 2015 жылғы 8 қаңтарда № 870 болып тiркелген, «Астана ақшамы» газетінің 2015 жылғы 10 қаңтардағы № 2 (3207) нөмірінде, «Вечерняя Астана» газетінің 2015 жылғы 10 қаңтардағы № 2 (3225) нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулыға қосымшада:
реттік нөмірлері 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73, 74, 75, 76, 77, 78, 79, 80, 81, 82, 83, 84, 85, 86, 87, 88, 89, 90, 91, 92, 93, 94, 95, 96, 97, 98, 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119-жолдар алып тасталсын;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес реттік нөмірлері 196, 197, 198, 199, 200, 201, 202, 203, 204, 205, 206, 207, 208, 209, 210, 211, 212, 213, 214, 215, 216, 217, 218, 219, 220, 221, 222, 223, 224, 225, 226, 227, 228, 229, 230, 231, 232, 233, 234, 235, 236, 237, 238, 239, 240, 241, 242, 243, 244-жолдармен толықтырылсын.