«Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін анықтау туралы» Қарағанды қалалық мәслихатының 2025 жылғы 28 мамырдағы № 264 шешімі

Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін анықтау туралы
Қарағанды қалалық мәслихатының 2025 жылғы 28 мамырдағы № 264 шешімі

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарына, «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 тіркелген) сәйкес, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Осы шешімнің 1, 2 - қосымшасына сәйкес Қарағанды қаласы бойынша тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының мөлшері мен тізбесі айқындалсын.

2. Осы шешімнің 3 - қосымшасына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Төраға

А. Букенов

 

Қарағанды қалалық мәслихатының

2025 жылғы 28 мамырдағы

№ 264 шешіміне 1- қосымша

 

 

Тұрғын үй сертификатының мөлшері

 

1. әлеуметтік көмек түрінде әрбір алушы үшін қарыз сомасының 10%-ы, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.

2. әлеуметтік қолдау түрінде әрбір алушы үшін қарыз сомасынан 10%-ы, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.

 

Қарағанды қалалық мәслихатының

2025 жылғы 28 мамырдағы

№ 264 шешіміне

2- қосымша

 

 

Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының

тізбесі

 

Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;

басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;

мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.