«Әлеуметтік маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 247 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2025 жылғы 20 мамырдағы № 159 бұйрығы

 «Әлеуметтік маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 247 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2025 жылғы 20 мамырдағы № 159 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Әлеуметтік маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 247 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10069 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті белгіленген заңнамалық тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Көлік министрінің

2025 жылғы 20 мамырдағы

№ 159 бұйрығына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

министрінің міндетін атқарушының

2014 жылғы 8 желтоқсандағы

№ 247 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Әлеуметтік маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының

 тізбесі

 

1. Ақтөбе - Атырау.

2. Ақтөбе - Маңғыстау.

3. Алматы - Ақтөбе.

4. Алматы - Атырау.

5. Алматы - Балқаш.

6. Алматы - Достық.

7. Алматы - Жезқазған.

8. Алматы - Қонаев.

9. Алматы - Қостанай.

10. Алматы - Құлсары.

11. Алматы - Локоть.

12. Алматы - Маңғыстау.

13. Алматы - Өзіңкі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.