Қосшы қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы
Ақмола облысы Қосшы қаласы мәслихатының 2022 жылғы 17 наурыздағы № 47/11-7 шешімі
Осы редакция 2023 жылғы 29 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 97-бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Қосшы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Қосшы қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі айқындалсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
| Б. Ибраев |
2022 жылғы 17 наурыздағы
№ 47/11-7 шешіміне
қосымша
Қосшы қаласында тұрғын үй көмегін көрсету
мөлшері және тәртібі
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қосшы қаласында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;