Эпизоотияны болғызбау мақсатында сирек кездесетіндерден және жойылып кету қаупі төнгендерден басқа, балықтар мен басқа да су жануарларын пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 1 қазандағы № 348 бұйрығы
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 35) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Эпизоотияны болғызбау мақсатында сирек кездесетіндерден және жойылып кету қаупі төнгендерден басқа, балықтар мен басқа да су жануарларын пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
Ауыл шаруашылығы министрі
2025 жылғы 1 қазандағы
№ 348 бұйрығымен бекітілген
Эпизоотияны болғызбау мақсатында сирек кездесетіндерден және жойылып кету қаупі төнгендерден басқа, балықтар мен басқа да су жануарларын пайдалану
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Эпизоотияны болғызбау мақсатында сирек кездесетіндерден және жойылып кету қаупі төнгендерден басқа, балықтар мен басқа да су жануарларын пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсiмін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-1-бабы 35) тармақшасына сәйкес әзірленді және эпизоотияны болғызбау мақсатында сирек кездесетіндерден және жойылып кету қаупі төнгендерден басқа, балықтар мен басқа да су жануарларын пайдалану тәртібін айқындайды.