«Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 18-04/287 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 2 қазандағы № 264 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 18-04/287 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10890 болып тіркелген) (бұдан әрі - Бұйрық) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Аңшылық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанын бекіту туралы»;
Бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Аңшылық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.»;
Бұйрыққа 2-қосымша алып тасталсын.